• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 15 Қыркүйек, 2021

Бес өңірде күн бұзылуы мүмкін

155 рет
көрсетілді

Қазгидромет ауа райы болжамына байланысты бес өңірде дауылды ескерту жриялады, деп жазады Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с соғады.

Қарағанды облысының оңтүстік-батысынан жел соғады. Күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады деп болжанды. Төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.