• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Қыркүйек, 2021

Парашютпен жаттығу кезінде әскери қызметші қаза тапты

174 рет
көрсетілді

Алматы облысында 14 қыркүйекте жоспарлы оқу - парашютпен секіруді орындау кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшісі, 1990 жылы туған капитан әскери атағы бар офицер қаза тапты, деп жазады Egemen.kz.

Оқиғаға қатысты басқа да жеке мәліметтер туыстарының өтініші бойынша жария етілмей отыр.

Қаза болған әскери бұған дейін 50-ге жуық парашютпен секіру жаттығуларын сәтті орындаған. Авариялық-құтқару десантшылар тобының құрамында болған.

Оқыс оқиға мен өлім себептері анықталуда.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтып, әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету үшін қажетті шараларды қабылдайтынын жеткізді.