• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қыркүйек, 2021

ПТР-тесттерді сатқандарға миллион теңге айыппұл салынды

194 рет
көрсетілді

Ақтөбеде ерлі-зайыптылар ПТР-тесттің теріс нәтижелерін сатқаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе қаласының тұрғыны медициналық орталықта жұмыс істейтін әйеліне теріс нәтижелері бар жалған ПТР анықтамаларын жасауды ұсынған.

«Отбасы әр анықтаманы 7 500 теңгеден сатқан. Бірақ жалған құжаттар анықталды», деп жазады жергілікті басылым.

«Ерлі-зайыптылар кінәсін мойындады. Прокурор айыпталушыларға бір жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны ұсынды. Бірақ сот алаяқтардың үш кішкентай балаларын ескерді. Нәтижесінде, қылмыскерлердің әрқайсысына 555 600 теңге көлемінде айыппұл салынды», делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.