• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Қыркүйек, 2021

Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

138 рет
көрсетілді

Қазгидромет 17 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады.

Маңғыстау облысының орталығында және оңтүстік-шығысында, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығысында соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді.

Түнде 17 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнайды. 

Ақмола облысында күшті жел соғады.

Күндіз 17 қыркүйекте Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.