• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2021

Ақтөбе тұрғындары Қазақстанның бас санитар дәрігерін сотқа берді

249 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласының әкімшілік сотына ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың үстінен арыз түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбелік үш тұрғын бас санитардың коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлерді жұмысқа жібермеу туралы қаулысының күшін жоюды талап етті. Арызданушылардың айтуынша, мұндай талаптар заңға қайшы.

Ақтөбе қаласының әкімшілік соты Ерлан Қиясовтың жұмыс орны Нұр-Сұлтан қаласында екенін алға тартып, үш тұрғынның қарсылығын туғызған қаулының да сол қаладан шыққанын жеткізген. Осыған байланысты арыз-шағымды Нұр-Сұлтан қаласының мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберу туралы шешім қабылданған.

Еске салайық, 3 қыркүйекте Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қисяов жаңа қаулыға қол қойды. Құжатта 6 қыркүйектен бастап вакцина алмаған қызметкерлерін штаттық жұмысқа жібермеуге міндеттелеген нысандардың тізімі өзгеретіні айтылған.