• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 17 Қыркүйек, 2021

Елордада әлемнің 250 кәсіпкері бас қосады

297 рет
көрсетілді

Бұл туралы «Kazakh Tourism» АҚ басқарушы директоры Талғат Аманбаев «Bizz Eurasia 2022» көрмесін өткізуге арналған брифингте айтты, деп жазады Egemen.kz.

«2020 жылы Қазақстан 2021 жылға арналған WORLDCOB «Bizz Awards» іс-шарасын өткізу құқығын жеңіп алды, ол белгілі себептермен келесі жылға ауыстырылған еді. Іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 250-ге жуық кәсіпкер қатысады. Оның ішінде бизнес иелері, бірінші басшылар, басқарушы директорлар және 50-ден астам елдің шағын, орта және ірі компанияларының серіктестері бар», деді Аманбаев.

Оның айтуынша, шараны өткізу бойынша барлық шығынын ұйымдастырушылар өтейді.

«Bizz Awards» - 2022-2025 жылдары Қазақстанда өтетін 6 іс-шараның бірі. Барлығы 2025 жылға дейін отандық MICE туризм индустриясын коронадағдарыс кезеңінде қалпына келтіруге жәрдемдесетін кем дегенде 20 халықаралық іс-шараны тарту жоспарланып отыр», деді Талғат Аманбаев.

Айта кетейік, Қазақстан ТМД елдері арасында екінші орын алып, COVID-19 пандемиясына дейін конгрестік-іскерлік туризмді (MICE туризм) дамыту бойынша Орталық Азия бойынша көшбасшы атанды. Халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының деректері бойынша 2019 жылы Қазақстан халықаралық қауымдастықтардың 18 іс-шарасын өткізуді ұтып алды, оларды өткізуден түскен табыс 6 миллион долларды құрады.