• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Қыркүйек, 2021

Алимент төлемегендер жауапкершілікке тартылды

308 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысындағы баласына 3 жыл бойы алимент төлемей, халықаралық іздеуге жарияланған ер адам Әзірбайжаннан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Әзербайжан азаматы 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген. СҚО-дағы баласына алимент төлемей қашып кеткен ер адамды миграциялық қызмет алдымен көрші Ресейден іздеген.

Кейін борышкердің өз елінде жүруі мүмкін деген ақпарат түсісімен, жергілікті полицейлер Әзербайжан Республикасындағы әріптестерімен байланысқа шықты. Нәтижесінде оның жүрген жері анықталды. Ер адамға қатысты жиналған материал жеке сот орындаушыларына берілді.

«Әзірбайжан азаматын борышкерлерді анықтауға арналған акция аясында таптық. Бұл іс-шара 15-17 тамыз аралығында өткен еді. Екі күннің ішінде іздеуде жүрген 15 адам табылды, оның екеуі - туыстық қатынастың жоғалуына байланысты, 3 борышкер болса, 10-ы - алимент төлеуден қашып жүргендер. Жалпы акция басталмас бұрын біздің өндірісте 80 тергеу ісі болды. Оның 28-і борышкерге, 31-і алимент төлемегендерге және 21-і туыстық қатынасты жоғалтқандарға қатысты. Оларды табуға полицияның бүкіл құрылымдары жұмылдырылады», дейді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілев.