• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Қыркүйек, 2021

Бүгін - Сеул Олимпиадасына 33 жыл

376 рет
көрсетілді

Осыдан дәл 33 жыл бұрын, нақтылап айтсақ, 1988 жылдың 17 қыркүйегінде Оңтүстік Кореяның астанасы – Сеулде XXIV жазғы Олимпия ойындарының алауы тұтанды.

2 қазанға дейін созылған айтулы жарыс КСРО спортшыларының айқын жеңісімен аяқталды. Олар 51 алтын, 35 күміс және 46 қола медаль иеленіп, жалпы есепте жеке дара көш бастады. Сол жұлдызды команданың сапында Қазақстанның да өрендері өнер көрсетіп, толағай табысқа қол жеткізді. Атап айтсақ, спорттық гимнасшылар сайысында Валерий Люкин қос алтын мен қос күміс алды.  Оның командалық әріптесі Владимир Новиков, желмен жарысқан желаяқтар Виталий Савин мен Владимир Муравьев, зілтемірші Анатолий Храпатый, волейболшы Елена Чебукина мен Ольга Кривошеева, баскетболшы Валерий Тихоненко, футболшы Евгений Яровенко да Олимпиада чемпионы атанды. Балуан Дәулет Тұрлыханов күміспен күптелсе, ватерполшы Сергей Котенко мен Нұрлан Меңдіғалиев, сырықпен секіруші Григорий Егоров, жүзуші Константин Петров және баскетболшы Ирина Герлиц қола медальді мойындарына ілді.

Жалпы командалық есепте ГДР құрамасы (37 алтын+35 күміс+30 қола) екінші орынды олжаласа, үздік үштікті АҚШ-тың спортшылары (36+31+27) қорытындылады.