Биылғы жылдың 8 айында қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың жауапкершілігі туралы заңнамалық талаптарға сәйкес 5 саяси мемлекеттік қызметші отставкаға кетті, деп жазады Egemen.kz.
Превенция қызметі басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы превенция бағыты бойынша 2021 жылғы 8 айдың қорытындысы туралы брифингте сыбайлас жемқорлыққа қатысты деректермен бөлісті.
«Ағымдағы жылдың 8 айында қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін басшылардың жауапкершілігі туралы заңнамалық талаптарға сәйкес 5 саяси мемлекеттік қызметші отставкаға кетті, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері ұйымдарының 48 бірінші басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», деді спикер.
Асанұлының айтуынша, НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама аясында заң шығару процесінде алдын алу жұмысы күшейтілген.
Сарапшылар 4 500-ге жуық НҚА жобасын зерттеп, онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің 16 000-нан астам факторын анықтаған.
Баяндамашы жемқорлық тәуекелдерінің неғұрлым кең таралған факторлары ретінде құқықтық олқылық (18%), дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі (11%), екі жақты тұжырымдау (10%), әкімшілік рәсімдердің болмауы немесе тиісінше реттелмеуін (8%) атап өтті.
«Олардың мемлекеттік органдармен жою үлесі 59%-ды құрайды», деді Асанұлы.