• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қыркүйек, 2021

Соңғы 5 жылда ТМД елдеріне 200 мың қазақстандық көшіп кеткен

331 рет
көрсетілді

Кейінгі 5 жылда ТМД елдеріне 200 мың қазақстандық қоныс аударған, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Қазақстанда ішкі көші-қон қарқын алды. Бұл тұрғындардың өмір сүру үшін неғұрлым қолайлы жағдай тапқысы келетінімен байланысты. Пандемияға байланысты көші-қон процестерінің қарқыны бәсеңдегенімен, 2020 жылы бұл көрсеткіш 2015 жылғы көрсеткіштен екі есе жоғары. Ішкі көші-қонның негізгі тартылыс нүктесі республикалық маңызы бар қалалар мен өнеркәсіптік батыс өңірлер болып отыр. Ал сыртқы көші-қонның теріс сальдосы 22 мың адамдай болады. Негізгі бағыттарды атасақ, соңғы бес жылда ТМД елдеріне 200 мыңға жуық адам кеткен», деді Еңбек ресурстарын дамыту орталығының Стратегия және жобалық басқару департаментінің директоры Александра Молчановская онлайн-конференция барысында.

Оның айтуынша, жастар көбінесе шетелге оқуға барып, сонда қалып қояды. Өйткені онда оқуға түсу жеңілірек әрі ҰБТ тапсыру талап етілмейді.