Алматы облысының полициясында қазақстандық ауыратлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алматы облысының Полиция департаменті дерек бойынша ҚР ҚК-ның 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Ауыр атлетика федерациясы спортшы қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Дереккөз мәліметінше, Альберт Линдер өз-өзіне қол салған. Басқа деректер әлі белгісіз.
Альберт Линдер 25 жаста, Талдықорған қаласының тумасы. Ол жастар чемпионы, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордшысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы болған.