• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Кино 18 Қыркүйек, 2021

Қазақстанда «Жайық» халықаралық кинофестивалі басталды

219 рет
көрсетілді

Оралда «Жайық» халықаралық қысқаметражды және деректі фильмдер фестивалі басталды, деп жазады Egemen.kz.

«Хабар 24» жазуынша, қала күні мерекесіне арналған өнер байқауына қатысуға Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Украина, Франция және басқа да елдерден 100 шақты өтінім түскен.

Көрермен назарына 31 картина ұсынылды.

Қазылар алқасының құрамында Мерует Өтекешова, Самал Еслямова, Алтынай Нөгербек, Ерлан Нұрмұхамбет, Жеңісхан Момышев, Талғат Тайшанов, Айгуль Черендина, Асланбек Губашев сынды кино әлемінің майталмандары бар.

Фестивальдің ашылу салтанатында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен Tokyo New Cinema түсірген, «Конокрады. Уақыт жолдары» фильмінің тұсаукесері өтті.

«Біріншіден, мұндай фестивальдер көбіне Алматы, Нұр-Сұлтан сияқты мегополистерде ғана ұйымдастырылып келеді. Ал шағын қалаларда өтпейді. Мәселен, Канн кинофестивалін ұйымдастыру арқылы Францияның осы қаласы дүниежүзіне танымал болды. Халқы не бары 74 мың адам. Яғни, тұрғындары біздің Оралдан 5 есеге аз. Канн осы бір ғана фестиваль арқылы іргесіндегі Ницца, Монте-Карло қалаларының да туристік-экономикалық әлеуетінің дамуына серпін берді. Біздің мақсат Оралда туризмді дамытуға үлес қосу. Әрине, бірден бола қоймас. Десек те, Орал – өте әдемі қала. Кино түсірушілер үшін камера нысанына алатын объектілер жетерлік. Осы орайда ХІХ, ХХ ғасырдан сақталған архитектуралық ескерткіштерді таныстырсақ дейміз. Бұдан бөлек, Оралдан эксклюзивті өнерімен танылған дарындар мен таланттар аз емес. Осы фестиваль енді кино саласындағы жаңа толқынның шығуына сеп болады деген сенім бар», дейді фестиваль директоры Алпамыс Шаримов.

Фестиваль аясында Меруерт Өтекешова, Талғат Тайшанов сынды кино майталмандары шеберлік сағатын өткізді.