• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Қыркүйек, 2021

Ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

240 рет
көрсетілді

Алматы облысының Полиция департаменті ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп жазады Egemen.kz.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бұған дейін хабарланғандай, жасөспірімдер арасында чемпион, Азия чемпионы, Универсиаданың жеңімпазы және рекордсмені, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы 25 жастағы Альберт Линдер 17 қыркүйекке қараған түні қайтыс болды.