• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Қыркүйек, 2021

840 адамға мерзімі өтіп кеткен вакцина салынған

153 рет
көрсетілді

Германияда 840 адамға коронавирусқа қарсы мерзімі өтіп кеткен  Moderna вакцинасысы салынған, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға Баден-Вюртемберг өңірінде болған. Зиндельфинген қаласында мерзімі өтіп кеткен препаратты 8 тамыз бен 14 қыркүйек аралығында салған. Ал Ройтлинген және Эсслинген қалаларында 9 қыркүйектен бастап салынған.

Вild.de жазуынша, препараттың қаптамасында көрсетілген сақтау мерзімінде қате кеткен. Ол санитарлық норма бойынша рұқсат етілген мерзімнен үш айға көп болған. Алайда жергілікті дәрігерлер алаңдауға себеп жоқ деп отыр. Себебі препаратты сақтау режимі бұзылмаған, ол әкелінген күнінен бастап тоңазытқышта сақталған.