Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданындағы жарылыстан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқан Қайнар ауылына барды, деп жазады Egemen.kz.
Жөндеу-құрылыс шараларымен алты компания айналысып жатыр. Олар 19 үйді олар толықтай жөндеуден өткізіп жатыр. Мердігерлер жақын арада тұрғындар өз үйлеріне оралатынына сендірді. Ал, «Әскери қалашық» деп аталатын аумақтағы көпқабатты тұрғын үйлер толықтай күрделі жөндеуден өткен. Әскерилердің мұнда қайта қоныстануы үшін нысан толығымен дайын.Үйлердің жөндеу жұмыстарына сапасына айрықша назар аударған облыс әкімі әр үйдің иелерімен жеке-жеке кездесіп, істеліп жатқан шаруаға олардың берер бағасын да сұрады.
Ары қарай аймақ басшысы «ТауДос» кафесінің құрылысымен де танысты.
Құрылысшылар облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес барлық жұмысты екі айда аяқтауға күш салып жатыр.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Тараз қаласындағы Жауғаш батыр көшесінің бойында орналасқан №22 орта мектебінің құрылыс барысын бақылап қацтты. Былтыр басталған жұмыстар биыл қыркүйек айының аяғына дейін аяқталуы тиіс.