Петропавл қалалық полициясы басқармасының мәлімдеуінше, жол-көлік апаты бүгін таңға жақын сағат 3:40-та болған, деп жазады Egemen.kz.
«Toyota Avensis» көлігінің жүргізушісі Жамбыл – Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында рөлге ие бола алмай, бағдаршам бағанына соғылған. Жарақат алған екі жолаушы бірден облыстық аураханаға жеткізілген. Бірі алған жарақаты ауыр болып, емханада көз жұмған.
Полиция қызметкерлері аталған жол-көлік оқиғасына қатысты материал жинап жатыр.