Петропавлда 20 қыркүйекте жылыту маусымы басталады. Петропавл әкімі Болат Жұмабеков тиісті қаулыға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
«Құрметті қалалықтар!
Ертең жылыту маусымы басталады. Тиісті қаулыға қол қойылды. Орталықтандырылған жылытуға қосылған барлық пәтер иелері апатсыз қосылу жөніндегі шараларды қолдануы қажет. Бірінші әлеуметтік объектілер (балабақшалар, мектептер, ауруханалар, емханалар және т.б.) жылу қабылдай бастайды», деп жазды әкім.