Жол-көлік апаты 19 қыркүйекте Щербаково кентінің маңындағы Алматы-Екатеринбург тас жолының 587-шақырымында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 57 жастағы КамАЗ жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен.
Жүк көлігі 55 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «ВАЗ-2106» автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмса, жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының сызбасы жасалды.
КамАЗ жүргізушісі спирттік ішімдік ішпеген. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігінде көзделген, яғни «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жыл басынан бері облыс аумағында 229 ЖКО болды, онда 50 адам қаза тауып, 261 адам жарақат алды.