Соңғы үш күннің ішінде Қостанайда екі бірдей мұғалім өздеріне өздері қол салып, өмірмен қоштасқан. Олардың бірі облыс орталығындағы №5 орта мектептің химия пәнінің 37 жастағы оқытушысы Сергей Тархов болса, екіншісі қалалық техникалық-шығармашылық мектептің директоры Олег Цыганов екен.

Бұлардың алғашқысының мәйіті өзінің пәтерінен табылған. Екіншісі жекеменшік гаражының алдында аңшы мылтығымен өзін өзі атқан. Білім бөлімінің басшысы марқұмдардың өлімі кәсіби қызметпен еш байланысты емес деп отыр.
«Аталмыш оқиғалардың бір-бірімен және кәсіби қызметтеріне қатысы жоқ. Өкініштісі, қалалық білім саласы қос бірдей білікті маманнан айырылып қалды», – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Василий Цымбалюк.
Қазақстан қазір адамдардың өзіне-өзі қол салуы жағынан алдына әлемде Ресей мен Албанияны ғана жіберіп, үшінші орында тұр. Елімізде жылына әрбір жүз мың адамға шаққанда, 53 адам өзіне-өзі қол салады екен.
Мұрат АЙТҚОЖА.