• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Қыркүйек, 2021

Футзалдан Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды

189 рет
көрсетілді

Футзалдан әлем чемпионатын 1/8 финалында Қазақстан құрамасы Таиландпен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық футзалшылар А тобында сынға түсті. Қарсыластары - Литва, Венесуэла, Коста-Рика. Топтық кезеңде Коста-Рикадан 6:1, Литвадан 3:0 есебімен басым болды. Ал Венесуэламен 1:1 есебімен тең түсті. Таиланд С тобында үшінші орын алды. Португалиядан 1:4 есебімен жеңілсе, Мароккомен 1:1 есебімен тең ойнап, Соломон аралдарын 9:4 есебімен тізе бүктірді. Қазақстан құрамасы бұдан бұрын әлем чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте бақ сынады.

2000 жылы бірінші кезеңнен аса алмаса, 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті. Әлем чемпионатының финалы 3 қазанға белгіленген.