• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Қыркүйек, 2021

Федерация ауыратлеттер сынына қатысты мәлімдеме жасады

133 рет
көрсетілді

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы зілтеміршілердің шағымына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кеше кешкісін ҚР ауыр атлетика құрамасының мүшелері, соның ішінде, қайтыс болған Альберт Линдердің інісі де әлеуметтік желіде құрама командасының бапкерлеріне қатысты шағым мен сын айтты.

ҚР ауыр атлетика федерациясы бұл істі бақылауына алып, әр айып бойынша анығына жетпек. Алдағы уақытта федерация әр атлетпен байланысқа шығып, тергеу өткізеді, оның қорытындысы кейін жария етіледі», делінген хабарламада.

Еске салайық, мұндай наразылыққа 25 жастағы Альберт Линдердің өлімі себепкер болды. Кейіннен спортшы өзіне қол салғаны анықталды.

Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс бастады.