• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қыркүйек, 2021

Мемлекеттік қызметті автоматтандыру бойынша жаңа ақпараттық қызмет пайда болады

259 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» 2020 жылғы 10 желтоқсандағы қаулыға толықтырулар енгізілетін ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, құжатты «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту және жаңғырту жолымен толықтыру жоспарлануда.

«Бұл жоба ақпараттық жүйені одан әрі жетілдіруге бағытталған, ол бизнес-процестерді модельдеудің және күйге келтірудің икемді құралының көмегімен бизнес-процестерді ресми нотацияларды, модельдеудің бағдарламалық қамтамасыз етуін, бизнес-процестерді мониторингілеу мен талдауды пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтің кадрлық процестерін автоматтандыруды қамтамасыз етеді», делінген түсіндірмеде.

Жобаны қабылдау 395 716 мың теңге көлемінде қаржылық шығындарды талап етеді.

Қаулы жобасы «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін 4 қазанға дейін орналастырылған.