• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қыркүйек, 2021

Әлемдік БАҚ топ-менеджерлері елордада бас қосады

196 рет
көрсетілді

Жыл сайынғы «Astana Media Week-2021» шарасы 27-28 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Egemen.kz ұйымдастырушыларға сілтеме жасап хабарлайды.

Astana Media Week-2021 екі күнге созылады.

Ашылу салтанатында Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Жалпы апталық онлайн және офлайн режимінде өтеді деп жоспарланған. 

Astana Media Week-2021 бағдарламасының толық бағдарламасын astanamediaweek.kz ресми ресурсынан таба аласыз. Іс -шара туралы жаңалықтар әлеуметтік желілерде жарияланады.

AMW – әлемдік медиакеңістіктегі барынша өмірге бейімді идеяларға, авангард шешімдерге, ілгершіл пікірлерге арналған жыл сайынғы шара. Биыл бесінші рет ұйымдастырылғалы отыр.