«Күнделік» электронды ақпараттық жүйесі өткен аптадағы өңірлердің белсенділік көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрсеткішке сәйкес, өткен екі апта қорытындысы бойынша «Күнделік» электронды журналымен жұмыс жүргізуде Шымкент қаласы ең үздік нәтиже көрсетті.
Аталған көрсеткіш қала ұстаздарының білім берудегі белсенділігі мен біліктілігін айқындайды.
Белсенділігі жоғары 3 аймақтың қатарында Ақмола, Қостанай және Түркістан облыстары да бар.
1-ші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жоғары белсенділік танытқан өңір «Күнделік» компаниясының атынан «Алтын түйме» марапатына ие болады.