Халықаралық спорттық құзға өрмелеу федерациясы Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы әлем кубогі кезеңінің өтпейтінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
ҰОК баспасөз комитетінің жазуынша, кубоктік кезеңнің өткізілмеуіне Оңтүстік Кореядағы коронавирусқа қатысты шектеулер себеп болған.
Аталған турнир 1-3 қазанға жоспарланған болатын. Алғашында бұл бәсеке 7-9 мамырға жоспарланып, кейінге шегерілген. Осылайша, Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионаты маусымдағы ең соңғы турнир болмақ.