• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қыркүйек, 2021

Ақмола облысында заңсыз цех анықталды

212 рет
көрсетілді

Жалға алынған гаражда арақ пен коньяк өндірумен айналысқан 57 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Гаражды тексеру барысында 1200 литр спирті бар 200 литрлік пластикалық бөшкелер, 90 литр спирті мен 525 литр арағы бар бес литрлік пластикалық контейнерлер, коньяк жасауға арналған бояуы бар 0,5 литр көлемдегі бір шыны бөтелке, коньяк иісіне ұқсас иісі бар қара сұйықтығы бар 0,5 литр көлемдегі бір шыны бөтелке табылып, тәркіленді», деді Ақмола облысы ПД УПН аға уәкілі Рәзия Курсанова.

Сондай-ақ алкоголь өндіру мен құюға қажетті спиртті соруға арналған сорғы, 12 вольтқа арналған электр ыдысы, спирт қалдықтары бар 200 литрлік бөшкелердің бос ыдыстары мен канистрлер табылды.

Заңсыз кәсіп бастаған әйелге қатысты ҚР ҚК 214-бабы «Заңсыз кәсіпкерлік» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.