• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қыркүйек, 2021

Өрт оқиғаларының негізгі үлесі тұрғын үй секторына тиесілі

122 рет
көрсетілді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті басқарма төрағасының міндетін атқарушы Тілеуберді Мәдиев елімізде өрт оқиғаларының туындауының басты себебін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәдиевтің айтуынша, Қазақстанда жыл басынан бері болған өрт оқиғаларының негізгі үлесі (58%) тұрғын үй секторына тиесілі, ал 18% пайызы көліктермен байланысты.

«Негізгі себебіне келсек, 34% пайызы, яғни 2,5 мыңнан астам жайт электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін сақтамау салдарынан болып отыр. Сонымен қоса 29% пайызы, ол 2 мыңнан астам жайт, от жағу кезінде адамдардың абайсыздығынан болады және 12 пайыз пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзумен байланысты», деді ол.