«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ атаулы әлеуметтік көмек алатын қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін электронды үкімет қосымшасына жаңа құжатты қосу бойынша интеграциялар жүргізді.
Сервис өзімен бірге құжаттың түпнұсқасы жоқ адамдарға пайдалы болмақ. Оны көрсету үшін электрондық үкімет қосымшасында авторлану қажет, атаулы АӘК-ның құжаты eGov mobile қосымшасында «цифрлы құжаттар» бөлімінде орналасқан. Атаулы әлеуметтік көмекті алушы QR-код арқылы оған қол жеткізе алады. Бұл құжатты сұратушы тарапқа оның түпнұсқалығына көз жеткізуге көмектеседі.Еске сала кетейік, бүгінгі таңда eGov mobile қосымшасында 18 цифрлы құжат қолжетімді, сонымен бірге: жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, диплом, студенттік билет және т.б. Электронды үкімет қосымшасын Google Play, AppGallery, AppStore-дан жүктеуге болады.
«Егемен-ақпарат»