• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қыркүйек, 2021

Тұрғылықты жерге тіркелу қызметі өзгерді

899 рет
көрсетілді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тұрғын үй иелеріне тіркелген азаматтар мен тіркеуден шығарылған тұрғындар туралы SMS-хабарламалар жолдайтын жаңа сервис енгізді, деп жазады Egemen.kz.

Енді азаматтар ХҚКО арқылы тіркелген кезде тұрғын үй иесінің телефонына тіркелген адамның дерегі көрсетілген хабарлама келеді. Тіркеуден шығарылған адамға да тосы туралы туралы хабарлама барады.

«Қазақстандықтар маған үйнде бейтаныс адамдардың тіркелгені туралы жиі жазып жатады. Аталған жаңа сервис бұл мәселені шешуі тиіс. Егер біреу сіздің қатысуыңызсыз ХҚКО арқылы үйіңізге бөгде адамды тіркеуге тырысса, сіз бұл туралы SMS-хабарлама арқылы бірден біле аласпроыз. Сервис ақылы түрде тіркеуді ұсынатын делдалдарға қарсы күресте көмектеседі», деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин. 

Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша eGov порталы арқылы да онлайн тіркеуге немесе тіркеуден шығаруға болады. Ол үшін тұрғын үй иесі мен тіркелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек.