Оралда сәбиін сатқан ана ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Арна ұсынған мәлімет бойынша, мәмілені 28 жастағы ауыл тұрғыны жасаған.
Ол баласын Бөрлі ауданының екі тұрғынына сатқан.
Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмеген.
«Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 135-бабы 1-бөлігі «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап бойынша айыпталушы 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», деді БҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Диляра Сатарова.