• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 24 Қыркүйек, 2021

Тағы да жалған 30 вакцинация паспорты анықталды

163 рет
көрсетілді

Қазақстанда жалған вакцинация паспортын жасаудың тағы 30 дерегі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда агенттік вакцинацияның жалған паспорттарын берудің 30 фактісінің жолын кесті. Мұндай құқық бұзушылықтарға қарсы күресте әлеуметтік жауапкершілікті көрсететін және осындай фактілер туралы есеп беретін азаматтар маңызды рөл атқарады.

Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментіне Аса ауылының емханасында жалған вакцинация төлқұжаттары заңсыз берілгені туралы шағым түсті. Тексеру барысында департамент қызметкерлері емханада COVID-19 вакцинациялау паспортын нақты вакцинациясыз 15 мың теңгеге бергенін анықтады», делінген хабарламада.