Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған «Әлемді қорғағандарды есте сақтау, ақиқатты жеткізу» атты халықаралық конференцияда айтты, деп жазады Egemen.kz.
ІІ Дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткен 7 жауынгердің мәйіті табылған. Жоғалғандардың аты-жөні анықталып, елге жеткізілген.
Сонымен қатар соғыс кезінде Германиядағы концлагерьлерде қаза тапқан 927 қазақстандық жауынгердің тізімі табылған. Қазіргі уақытта қаза тапқандардың туыстарын анықтау бойынша жұмыстар жүріп жатыр», деді ол.