Салмағы 134 тонналық «Абулмуги» парсы моншасының ғимараты толығымен көтеріліп, жаңа жерге көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Абулмуги» моншасы - орта ғасырдың соңындағы парсы стиліне тән ғимарат (XVII - XVIII ғғ).
Бұл монша Дманиси аймағында, тарихи Абулмуги ауылының аумағындағы қазба жұмыстары кезінде табылған.
Монша аймағындағы қазба жұмыстары кезінде Русудан патшайымының монетасы, сондай-ақ Ұлттық музейде сақталған глазурленген керамиканың сынықтары табылды.
Ескерткішті бірінші рет қалпына келтіру 1970 жылдары жүргізілді, бірақ 2018 жылға қарай монша өте нашар жағдайда болды. Сонымен қатар ол RMG тау-кен компаниясының өндірістік аймағында орналасқан еді. Егер оны көшірмесе жойылып кетуі әбден мүмкін болатын.
«Сакдриси комитеті» қоғамдық қозғалысы бірнеше жыл бойы Мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық агенттікпен кеңесіп келді.
Бірнеше бастамалардан кейін монша ғимаратын бөлшектемей толығымен қауіпсіз жерге жылжыту туралы шешім шығарылды. Бұл әдіс Грузияда алғаш рет қолданылды. Елге келген туристер тарихи нысанды ендігіде Дманиси аймағынан көре алады.