Ақтөбеде өтіп жатқан «Қарасора-2021» жедел-алдын алу шарасының аясында барлығы 243 келі есірткі заты тәркіленді, деп жазады Egemen.kz.
ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, 1 маусым мен 24 қыркүйек аралығында 72 қылмыстық іс тіркелген.
«Оның ішінде тасымалдағандар мен сатқандар, сатып алмақ болған адамдар бар. Нәтижесінде заңсыз айналымнан 243 келіден астам ескірткі заты тәркіленді», деді Сарқұлов.