• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Қыркүйек, 2021

Каталонияның бұрынғы басшысы Италиядан ұсталды

235 рет
көрсетілді

Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон Италияның Сардиния аралында қамауға алынды. Ол төрт жыл бойы қашып жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның адвокаты Гонсало Бойе саясаткер ұсталғанын Twitter-парақшасында растады.

«Президент Пучдемон Еуропалық Парламент депутаты ретінде Сардинияға келген кезінде тұтқындалды».

Сонымен қатар, Бойе қамауға алу туралы бұйрық 2019 жылдың 14 қазанында шыққанын айтты.

«Ертең (24 қыркүйек) ол Сассари апелляциялық соты судьялары алдына шығады, олар оны босату немесе экстрадициялау туралы шешім қабылдайды», деді штаб басшысы Хосеп Ллуис Алай.

Бұрынғы мемлекет басшысы тұтқындалғаннан кейін Испания үкіметі «Италия билігі мен сот шешімдерін құрметтейтінін» білдірді.

«Пучдемонның тұтқындалуы сот алдында жауап беруі тиіс ЕО-ның кез келген азаматына қатысты сот тәртібіне сәйкес келеді», делінген Испания үкіметі хабарламасында.

Мәлімдемеде Пучдемон «кез келген азамат сияқты әділеттілікке бағынуы тиіс» делінген.