• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қыркүйек, 2021

Сот Біртановтың шағымын қанағаттандырмады

357 рет
көрсетілді

Қазақстанның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын ұзарту туралы сот шешіміне шағым түсірген. Сот оның қорғаушыларының өтінішін қанағаттандырмады, деп жазады Egemen.kz.

14 қыркүйекте Біртановты үй қамауында ұстау тағы екі айға ұзартылды. Бұл тараптардың қылмыстық іс материалдарымен танысып үлгеруі үшін жасалды. Адвокаттар соттың бұл шешімімен келіспеді және клиентінің бостандығын шектеуге болмайды деп талап етті.

24 қыркүйектегі апелляция белгіленген уақыттан шамамен бір сағатқа кеш басталды. Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұрат Солтыбаев бұған дейінгі сот процестерінің кейінге шегерілуіне байланысты кешіккенін түсіндіріп, кешірім сұрады.

Содан кейін Елжан Біртановтың адвокаттары 2021 жылғы 14 қыркүйекте өткен соттың үйқамақ мерзімін ұзарту туралы шешімімен келіспейтінін айтты. Алайда шамамен бір сағатқа созылған отырыста судья 14 қыркүйектегі тергеу сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.