• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қыркүйек, 2021

«Орда» ипотекалық бағдарламасы тоқтатылады

493 рет
көрсетілді

«Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ жыл соңына дейін «Орда» ипотекалық бағдарламасы бойынша қарыз беруді тоқтатады, деп жазады Egemen.kz.

«2021 жылдың 1 қазанына дейін қарауға келіп түскен өтінімдер Компанияның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қаралады», деп жазады «Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ.

«Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы» АҚ  «Орда» бағдарламасы жыл сайын жоспарлы қаржыландыру үшін өз  есебінен 13,8 млрд теңге аударады. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жоспарлы көрсеткіштер 4,1 млрд теңгеге асты. Осыған байланысты Компания жеке тұлғалардан өтінім қабылдауды тоқтатады. 

«Орда» ипотекалық несиелендіру бағдарламасы 2018 жылдың қазан айында іске қосылды. 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 70 млрд теңгеден астам сомаға 5 271 өтінім алынған. Оның ішінде 49,4 млрд теңге сомасына 3 838 өтінім мақұлданған.