• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 24 Қыркүйек, 2021

Коммерциялық емес ұйымдар қызметі халықаралық деңгейде қаралды

430 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, бірқатар қазақстандық және халықаралық ҮЕҰ: USAID, Америкалық заңгерлер қауымдастығы (ABA ROLI), Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы және т.б. қатысуымен «Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін құқықтық реттеудің тұжырымдамалық мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті, деп жазады Egemen.kz.

Іс-шараға ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет қатысты. Ол ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп, коммерциялық емес ұйымдар қызметінің құқықтық реттеу мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруді реттеу саясатының консультативтік құжатын әзірлеп жатқанын атап өтті.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнаманы, атап айтқанда тұжырымдамалық аппаратқа, ұйымдық-құқықтық нысандарға, мемлекеттік тіркеуге, салық салуға, Үкіметпен өзара іс-қимыл механизмдеріне қатысты мәселелерді жетілдіру ұсынылады.

Қазіргі уақытта заң жобасы заң шығару жұмысының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамалық жоспарына енгізілді (ҚР Парламентінің жетінші шақырылымы). Заң 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында қабылданбақ.

Қатысушылар аталған құжат бойынша ойларымен бөлісіп, коммерциялық емес ұйымдарға қатысты реттеуші саясаттың консультативтік құжатының жобасын жетілдіруіне қатысты өз ұсынымдарын берді.