Испанияда нөсер жаңбыр салдарынан су тасқыны басталды. Көптеген жол мен көшені су басты, деп жазады Egemen.kz.
«Кейбір жерлерде бір шаршы метрге 130 литрден астам жауын-шашын түсті, бұл соңғы онжылдықтардағы абсолютті максимум болды», деп жазады La Vanguardia.
Әсіресе Андалусия, Экстремадура және Валенсия зардап шекті. Су тасқынына байланысты сегіз орталықтан адамдарды эвакуациялауға тура келді.
Жаңбырдан көптеген жол учаскелерін су басып, ондаған көлік қалып қойды, темір жол қатынасы үзілді. Фермерлер де өнімге залал келтірілгенін хабарлады. Кей жерлерде бұршақ жүзім алқабын 50%-ға дейін, құрма мен цитрус дақылдарының алқабын 100% жойып кеткен. Фермерлер шығынды 8 миллион еуродан астам деп бағалаған.
Тасқын салдарын жоюға 150 000 еуро бөлінеді.