Алматыда жол айрығының салынуына байланысты ірі даңғыл жабылады. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында көлік айрығын салу» нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге байланысты Рысқұлов даңғылы бойынша автокөлік қозғалысының схемасына келесі өзгерістер енгізілетін болады:
2021 жылғы 26 қыркүйек пен 4 қазан аралығында сағат 23-тен 5-ке дейін Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта қозғалыс тоқтатылады; Райымбек даңғылының батыс және шығыс бағыттары бойынша Рысқұлов даңғылының оңтүстік бөлігі арқылы өту қамтамасыз етіледі; Іргелес көшелер бойынша қозғалыс бұрынғы режимде жүзеге асырылады.