Ярославль «Локомотиві» Андрей Скабелка команданың бас жаттықтырушысы қызметінен кететінін ресми түрде жариялады, енді команданы Қазақстанның тумасы Игорь Никитин жаттықтырады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Локомотив» хоккей клубы жаттықтырушылар штабында болған өзгерістер туралы хабарлайды. Бас бапкер Скабелка Андрей Владимирович командадан шығады. Клуб Андрей Скабелкаға атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, мансабының сәтті жалғасуын тілейді. Жаңа бас жаттықтырушы болып Игорь Валерьевич Никитин тағайындалды. 2021 жылдың 25 қыркүйегінде «Локомотив» - «Салават Юлаев» ойынында бас бапкердің міндетін атқарушы аға жаттықтырушы Дмитрий Сергеевич Юшкевич болады», делінген хабарламада.