• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Қыркүйек, 2021

Ауыл шаруашылығы министрі Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

361 рет
көрсетілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Еуропа мен Орталық Азиядағы орнықты даму жөніндегі өңірлік директор Стивен Шонбергермен, Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартомен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар ауыл шаруашылығындағы жобаларды іске асырудағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Дүниежүзілік банк өкілдері Ауыл шаруашылығын субсидиялауды, қаржыландыруға, ветеринариялық қызметтерге қолжетімділікті жақсартуды, сондай-ақ жайылымдық жерлерді басқаруды және мал шаруашылығы секторындағы парниктік газдар шығарындыларын түгендеу жүйесін жетілдіруді қоса алғанда, ұсақ фермерлерге қызметтер көрсететін институттарды нығайту бойынша министрлік қабылдап жатқан шараларға жоғары баға берді.

Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық қызмет көрсету және жануарларды есепке алу жүйесін жетілдіру, фермердің орталығында орналасқан модельді ілгерілету, ет индустриясы үшін тиімді агроэкологиялық саясат үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсайтынына сендірді.