• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қыркүйек, 2021

Бүгін машина жасау күні

882 рет
көрсетілді

Бүгін, қыркүйектің соңы жексенбісінде елімізде машина жасау күні аталып өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіби мереке алғаш рет 1981 жылы, КСРО кезінде тойланған. Кеңес одағы тарағаннан кейін бұл мерекені Беларусь, Қырғызстан, Ресей өз күнтізбелерінде қалдырды.

2017 жылғы 31 қазанда сол кездегі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметінің № 689 қаулысына қол қойды. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» аталған қаулыда қыркүйектің соңғы жексенбісі Машина жасаушы күні ретінде бекітілген.

Айта кетсек, осы жылдың 8 айы ішінде елімізде машина жасау көлемі 24 пайызға өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады. Жыл соңына дейін бұл сома 2 трлн теңгеден асып түседі деген болжам бар.

Бүгінде елімізде 3 мыңнан астам машина жасайтын кәсіпорындарда 119 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жалпы, аталған саланы индустрияландырудың соңғы 10 жылында 400 млрд теңгенің 135 жобасы жүзеге асырылды. 2025 жылға дейін 160 млрд теңгеге тағы 14 жобаны іске асыру күн тәртібіне қойылған.