Иорданияда гандболдан әйелдер арасындағы 18-ші Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан өкілдері алты ойыннан кейін үшінші орынды иеленді.
Айта кетсек, қазақстандық қыздар «А» кіші тобынан екінші орыннан шығып, жартылай финалда жапондарға есе жіберді.
Ал үшінші орын үшін өткен матчта Қазақстанның гандболшылары Иран құрамасынан 38:33 есебімен басым түсті.