• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қыркүйек, 2021

Облыс орталығының дені ауыз сусыз отыр

470 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласының бірнеше шағын ауданы ауыз сусыз отыр. Қала басшыларының уәжі – Сергеевка су қоймасынан тартылған су құбыры жөнделуде. Жергілікті биліктің ақтала айтқан мәліметіне қарағанда, қыркүйек айының соңына дейін су берілмейтін сыңайлы.

Қала ауыз сумен Шағалалы және Сергеевка су қоймалары ар­қылы қамтамасыз етіледі. Ша­ғалалы су қоймасынан тәу­лігіне 15 мың текше метр, Сер­геев­ка су қоймасынан 20 мың текше метр су алынады.

– Қазір Сергеевкадан тар­тылған су құбырына апаттың алдын алу бағытындағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – дейді қала әкімінің орынбасары Бауыржан Ерназаров. – Сол себепті Жайлау және Сарыарқа шағын аудандарына су беру уақытша тоқтатылды.

Әкім орынбасарының айтуына қарағанда, жұмыс ауқы­мын тиянақты аяқтап шығу үшін кемінде жарты ай керек екен. Қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорны 48 мың текше метр мөлшерінде су қорын жасаған. Бұл су қала тұр­ғындарының біраз уақыт кәдесіне жарамақ. Шағалалы су қой­масынан алынатын су кө­лемі 46 мың текше метрге дейін ұлғайтылған. Әйтсе де, тұрғын үйлерде су­дың жетіс­пеушілігі байқалып отыр. Қа- л­а­ны­ң солтүстігіндегі және шы­ғысындағы өнеркәсіп аумақ­тарында орналасқан бір­қатар кәсіпорынды судан шектеу туралы шешім қабылданыпты.

Сергеевка су қоймасы – облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта. Мұншама үлкен су құбырының әр бөлігінде жөндеу жұмыстарын жүргізу ұзақ уақыт алмақ. Әкімдік тұр­ғындар мәселенің мәнісін жете түсініп, шыдамдылық танытса екен дейді.