Таңертең шаңды дауыл қаланың көптеген ауданын қамтыды. Жел шаң мен құмды ауаға көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Синоптиктер шаңды дауылдың жазда және күзде жиі болатынын атап өтті. Сонымен қатар метеорологтардың ақпараты бойынша, таңертең Алматы облысында жел күшейді.
«27 қыркүйекте таңертең және түстен кейін Алматы облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, екпіні 17-22 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда да күндіз солтүстік-шығыстан жел күшейіп, екпіні 17-22 м/с болады», деп хабарлады Қазгидромет.
Бұған дейін хабарланғанындай, жақын күндері Қазақстан аумағының көп бөлігі циклонның әсерінде болады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағаймен жаңбыр күтіледі. Елдің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түседі, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ болады.