1 ақпаннан бері коронавирусқа қарсы вакцина алған 482 адам індеттен көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бірінші ақпаннан тамыздың соңына дейінгі жағдай вакцина алған 482 адам қайтыс болды. Бұл коронавирустан көз жұмғандар санының шамамен 5 пайызын құрайды», деді Цой Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Денсаулық сақтау министрі індеттен көз жұмғандардың дені вакцина алмағандар екенін атап өтті.