• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 27 Қыркүйек, 2021

QazVac дельта штамына қарсы күресуге бейімделіп шығарыла бастайды

152 рет
көрсетілді

Алдағы қазан айынан бастап отандық QazVac вакцинасы дельта штамына қарсы күресуге бейімделіп шығарыла бастайды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«QazVac-тың дельта штамымен күрестегі қауқарына жүргізілген зерттеу нәтижесі отандық вакцинаның тиімді екенін көрсетті. Үкіметтің тапсырмасы бойынша Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты (БҚПҒЗИ) ухань коронавирусының штамын дельтаға бейімдеу және ауыстыру бойынша маңызды жұмыс жүргізді. Қазан айында бүкіл QazVac вакцинасы дельта штамымен шығарылады.

Ал Eta штамы бойынша бүгінде аталған институт патологиялық материалдар алды және 2 апта ішінде штамм бойынша зерттеу жасау жоспарланып отыр. Содан кейін аталған штамға қатысты QazVac тиімділігін сынау жұмысы жүргізіледі», деді Е. Тоғжанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, елге келген коронавирус штамдарын зерттеп, онымен күресу мәселесі үнемі бақылауда.