• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Теннис 28 Қыркүйек, 2021

Жібек Құламбаева қарсыласына есе жіберді

438 рет
көрсетілді

Теннистен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан WTA 250 Astana Open турнирінің алғашқы күні артта қалды. Дүйсенбіде жерлестеріміз арасынан жалғыз ғана Жібек Құламбаева ғана кортқа шықты. Өкінішке қарай, тұсаукесер кездесуінде ол жеңілістің кермек дәмін татты.  

Жібек айтулы жарысқа қатысып жатқан ең мықты ойыншыларының бірі Элисон ван Эйтванкпен шеберлік байқасты. 27 жастағы Бельгияның өкілі бұл күндері әлемдік рейтингте 89-орында тұр. Кезінде ол Ролан Гарростың ширек финалына шығып, Уимблдонның төртінші кезеңіне дейін жеткен. WTA турнирлерін төрт рет ұтты. Осы көрсеткіштерінің арқасында үздіктер тізімінде 37-орынға дейін көтерілді. Иә, 21 жастағы қазақ қызында ондай елеулі табыстардың бірі де жоқ. Ол әлемдік рейтингте 524-сатыға жайғасты. Екеуара бәсеке 1 сағат 29 минутке созылып, 6:3, 6:4 есебімен бельгиялық теннисшінің жеңісімен аяқталды.

Сол күні өткен өзге кездесулерде мынадай нәтижелер тіркелді: Анастасия Гасанова (Ресей) – Юлия Готовко (Беларусь) 6:1, 6:1. Александра Крунич (Сербия) – Кэйти Бултер (Ұлыбритания) 3:6, 6:3, 7:5. Леся Суренко (Украина) – Виталия Дьяченко (Ресей) 6:1, 3:1 (Rt), Анна-Лена Фридзам (Германия) – Арина Радионова (Аустралия) 4:6, 6:4, 6:2. Варвара Грачева (Ресей) – Кристина Плишкова (Чехия) 6:3, 7:6.

 

Кеше Юлия Путинцева грузиялық Екатерина Горгодземен ойнаса, Анна Данилина франциялық Кристина Младеновичпен сайысқа түсті. Ал Зарина Диас ресейлік Анастасия Захаровамен шеберлік байқасты.