• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Білім 28 Қыркүйек, 2021

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жетістіктері зор

355 рет
көрсетілді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинованы қабылдады, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесуде Елбасыға елі­міз­дегі зияткерлік мектеп­тердің қазір­гі жағдайы мен алдағы даму жос­пары туралы баяндалды.

Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­денті 2008 жылдан бері рес­публ­ика бойынша жиырмадан астам жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зият­керлік мектебі ашылып, әлеуметтік тұрғыдан аз қам­тылған балалар үшін үлкен демеу болғанын  атап өтті. Осы­ған дейін бұл мектептерді 14,5 мыңнан астам бала бітіріп, олардың әрбір төртіншісі Назарбаев Университетіне қа­был­данды. 2021 жылдың өзін­де Назарбаев Зияткерлік мек­тептері түлектерінің 29 пайызы Назарбаев Университетіне, ал 78 бала әлемнің ең озық универ­ситеттеріне түсті.

К.Шәмшидинова PISA-2018 халықаралық зерттеуінің нәтижесі бойынша Назар­баев Зияткерлік мектептері дүниежүзінде математикадан үшінші орында, жаратылыстану­дан бесінші орында тұр­ға­нын, оқу сауаттылығы бойын­ша то­ғызыншы орында еке­нін айтты. Сондай-ақ Елба­сыға зият­керлік мектеп оқушы­лары­ның халықаралық олимпиадаларда қол жеткізген жетістіктері туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар Қазақстан­ның Тұңғыш Президентіне Түркістандағы Назарбаев Зият­кер­лік мектебі құрылысының аяқ­­талу барысы, оқытудың жаңа әдіс­темелерін енгізу және елі­міз­дегі басқа да оқу орындарына Назарбаев Зияткерлік мектебі тәжірибесін тарату бо­йынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.